18 Мамыр 2020
Хабарландыру

"Орал қаласының білім беру бөлімі" ММ азаматтық қызметкер лауазымының бос орнына ашық конкурс жариялайды

19.03.2020 ж

"Орал қаласының білім беру бөлімі" ММ азаматтық қызметкер лауазымының бос орнына ашық конкурс жариялайды

 

"Орал қаласының білім бөлімі" ММ Экономист»


Ұйым атауы: "Орал қаласының білім бөлімі" ММ»

Орналасқан жері: 090000 Орал қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 145

Телефон: (87112) 51-35-09, 50-39-28

Оның негізгі қызметінің қысқаша мазмұны: мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Халықтың білім беру сұраныстарын қанағаттандыру үшін жағдай жасау бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жәрдемдесу.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 72 558 теңгеден 85 477 теңгеге дейін

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (Қаржы, экономика, бухгалтерлік есеп және аудит) саласындағы жоғары білім.

Функционалдық міндеттері:

- қаржыландыру және экономикалық жоспарларды орындау мәселелері бойынша білім бөлімінің отырыстарына есеп дайындауды ұйымдастыру;

- қалалық бюджетті қалыптастыру және ведомстволық бағынысты оқу орындарын қаржыландыру бойынша ұсыныстар дайындау;

- бағдарлы жоспарды қалыптастыру;

- Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

- мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда білім бөлімінің қаржы мәселелері бойынша департаменттің мүдделерін білдіру;

- білім сапасын арттыру саласында ұсыныстар енгізу және олардың қызметіне мониторинг жүргізу;

-күрделі жөндеу, құрылыс, энергетикалық материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және дайындау;

- мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

- ҰБМБ мониторингі;

- бөлімнің Мемлекеттік қызмет сапасының мониторингі;

- Ведомстволық бағынысты мекемелер мен азаматтардың еңбек және оқу орындарын қаржыландыру мәселелері бойынша шағымдарын, хаттарын және баянаттарын қарау.

 

Орал қаласының білім бөлімі хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға келесі құжаттарды қабылдайды:

Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып);
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмесі;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
086у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері (егер);
алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерлері растайды және мөрмен расталады.

Байқау келесі кезеңдерден өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілік бағасы;

2) кандидаттармен әңгімелесу өткізу;

3) конкурстың қорытындысын шығару.

 

* Конкурс "Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығы негізінде өткізіледі.

 

Конкурс өткізу орны: Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 145, 7 кабинет. анықтама телефондары . 8(3112)50-39-28, E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Конкурстық комиссия Орал қаласының білім беру бөлімі

Пайдалы ақпараттық ресурстар