18 Мамыр 2020
Хабарландыру

ҚР Білім және ғылым министрінің 29.01.2016 ж. №122 бұйрығына сәйкес орта білім беру мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес

29.01.2016 ж. № 122

 

Конкурсты ұйымдастырушы: "Орал қаласының білім беру бөлімі" ММ Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 145 тел. 51-35-09, БИК KKMFKZ2A, ЖСК KZ7070103KSN2718000 "ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" РММ, ММ Коды 464 БИН 950140000802

 

Конкурсты ұйымдастырушының өкілі-Мулдагалиева Г. Б.-Орал қаласының білім беру бөлімі басшысының орынбасары," Орал қаласының білім беру бөлімі " ММ, Орал қаласы,Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 145 тел. 51-35-09

 

Жалпы ережелер

 

Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі конкурс өткізеді.

 

Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындарды анықтау

 

"Орал қаласының білім беру бөлімі" ММ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша енгізілген 150 жаңа орын жұмыс істеуі үшін бір тәрбиеленушіге 15510 теңге қаржыландыру мөлшерінде.

 

 

Конкурсқа қатысу үшін жеке ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынуы қажет::


1) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;;

 

2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның көшірмесі;";

 

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

 

4) Жарғының көшірмесі;

 

5) Екінші деңгейдегі банктер беретін банктік берешектердің жоқтығы туралы анықтама (еркін нысанда);

 

6) "Дербес шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға конвертте тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен расталады. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірме, өшірулер немесе қосымша жазбалар болмауы тиіс. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы көрсетілуге тиіс. Конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жасалуы және ұсынылуы тиіс.

 

Конвертті желімделген түрде 16 кабинетке тапсыру қажет. Орал қаласының білім беру бөлімі. Конверттерді ашу: 10.09.2019 ж.

 

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7112) 933472 сайт: bilim-oral.gov.kz ескерту.

Пайдалы ақпараттық ресурстар