06 Қаз 2020
Хабарландыру

 «Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі  «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымның атауы: Орал қаласының білім беру бөлімі балалар құқығын қорғау секторының бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезінде 2021 жылдың 11 наурызына дейін)

Жалпы конкурс. «Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Батыс Қазақстан облысы.

Құжаттарды қабылдауды бастау уақыты: 2020-10-07

Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты: 2020-10-15

Әңгімелесуді өткізу уақыты: 2020-10-19

Лауазым санаты: E-R-4

Лауазымдық жалақының жоғары шегі: 141718 теңге

Спецификаторға сәйкес мамандығы: Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы) немесе Құқық

Қосымша талаптар:«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес.

Лауазымдық міндеттері:

  • Арнайы білім мен түзету ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мүгедектік,асыраушысын жоғалтқан мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың уақытылы төленуін бақылауды жүргізу;
  • Білім бөліміне (функционалдық міндеттеріне сәйкес) шығарылатын қала әкімі қаулыларының жобаларын дайындау;
  • Дамуында мүмкіндігі шектеулі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен және еңбекпен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бойынша өңдеу, талдау, жиынтық есептерін жасау, осы мекемелердің түлектерінің құқықтарын қорғау;
  • «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуы (құжаттарды қабылдау);
  • Білім беру, құқық қорғау, денсаулық сақтау органдарымен қолайсыз отбасыларды анықтап, біріккен жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Қорғаншылық кеңесінің хатшысы;
  • Зорлық-зомбылықтың және жыныстық қолсұғушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар;
  • Сенім телефоны жұмысын үйлестіру;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы бойынша есеп;
  • Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы;
  • ҰБДҚ-ның жүргізілу жұмысы  ;
  • Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау;
  • Білім ұйымдары мен азаматтардың шағымдарын, хаттарын және өтініштерін қарау.

Құжаттарды тапсыру үшін Email немесе мекен жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Орал қ., Н. Назарбаев даң. 145, 2 қабат

Әңгімелесу өткізілетін орын:Орал қ., Н. Назарбаев даң. 145 , 2 қабат

Анықтама үшін байланыс номері: 8 (7112) 50-39-28

Пайдалы ақпараттық ресурстар