19 Қаз 2020
Хабарландыру

„Орал қаласының білім беру бөлімі“ мемлекеттік мекемесі жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдық орындарына ашық конкурс жариялайды:

 „Орал  қаласының  білім беру  бөлімі“ мемлекеттік мекемесі жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының   бос лауазымдық орындарына ашық конкурс жариялайды:

 

«Орал қаласының білім беру бөлімінің №17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры;

 «Орал қаласының білім беру бөлімінің №20 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры;

 «Орал қаласының білім беру бөлімінің №32 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры;

«Орал қаласының білім беру бөлімінің «№41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицей»» КММ директоры;

Білім беру мекемелерінің толық атауы: «Орал қаласының білім беру бөлімінің №17 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі.                                                                 

Орналасқан жері: 090000 Орал қаласы,  Х.Доспанова көшесі , 65. Телефон: (87112) 53-23-85

Мектептің негізгі қызметі: Орта білім беру жүйесінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, бастауыш білім, негізгі білім және орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға  бағытталған «Білім беру қызметі».Мемлекеттік білім стандартының орындалуын қамтамасыз ету;

Лауазымдық жалақысы: лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты  90 785 теңгеден  110 075  теңгеге  дейін.

Білім беру мекемелерінің толық атауы: «Орал қаласының білім беру бөлімінің №20 жалпы орта білім беретін мектеп»

коммуналдық  мемлекеттік мекемесі.                                                                           

Орналасқан жері: 090009 Орал қаласы, Саратов көшесі 28 үй. Телефон: (87112) 50-10-96

Мектептің негізгі қызметі: Орта білім беру жүйесінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, бастауыш  білім, негізгі білім және орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға  бағытталған «Білім беру қызметі».Мемлекеттік білім стандартының орындалуын қамтамасыз ету;

Лауазымдық жалақысы : лауазымдық жалақысы еңбек өткерген  жылдарына байланысты  90 785 теңгеден  110 075  теңгеге  дейін.

Білім беру мекемелерінің толық атауы: «Орал қаласының білім беру бөлімінің №32 жалпы орта білім беретін мектеп»

коммуналдық  мемлекеттік мекемесі.                                                                 

Орналасқан жері: 090005 Орал қаласы,  Жданова көшесі , 48. Телефон: (87112) 28-30-88

Мектептің негізгі қызметі: Орта білім беру жүйесінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, бастауыш білім, негізгі білім және орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға  бағытталған  «Білім беру қызметі». Мемлекеттік білім стандартының орындалуын қамтамасыз ету;

Лауазымдық жалақысы : лауазымдық жалақысы еңбек өткерген  жылдарына байланысты  90 785 теңгеден  110 075  теңгеге  дейін.

Білім беру мекемелерінің толық атауы: Орал қаласы білім беру бөлімінің «№41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»                                                               

Орналасқан жері: 090014 Орал қаласы,  4 шағын аудан , 15/1 . Телефон: (87112) 22-85-97

Мектептің негізгі қызметі: Орта білім беру жүйесінің негізгі білім және орта білім беру бағдарламаларын және жаратылыстану- математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған  «Білім беру қызметі» мектеп-лицейдің негізгі қызметі.Мемлекеттік білім стандартының орындалуын қамтамасыз ету;                

Лауазымдық жалақысы : лауазымдық жалақысы еңбек өткерген  жылдарына байланысты  90 785 теңгеден  110 075  теңгеге  дейін.

Біліктілікке қойылатын талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: 

  • Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.
  • Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.
  • Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
  • Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
  • Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды. Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді.
  • Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.
  • Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді.
  • Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
  • Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
  • Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
  • Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.
  • Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Орал қаласының білім беру бөлімі хабарландыру жариялаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынандай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

      6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

      8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

     9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

     10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

     11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

     12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

     13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

    14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері (3, 4, 5, 6, 7 тармақшаларда көрсетілген құжаттар) жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен жұмыс орнының кадрлық қызыметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады немесе мөрмен растайды.

Конкурстық орналастырудың дәйекті   кезеңдері:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;

3) конкурсқа орналастыру қатысушылардың біліктілігін бағалау;

4) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді);

5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу;

6) кандидаттарды облыстың білім беруді басқару органдарымен келісу (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда);

 7) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурстың 3 кезеңі 2020 жылғы 28 қазан күні Орал қаласының білім беру бөлімінде өткізіледі (БҚО, Орал.қ , Н.Назарбаев даңғылы, 145 үй)

    Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

*Конкурс  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпан №57 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» бұйрығы («Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпан №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы  № 213 бұйрығы)  негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: 090000, БҚО, Орал.қ , Н.Назарбаев  даңғылы, 145 үй, 2 қабат, 7 кабинет

     Анықтама алу телефондары: 8(7112) 50-39-28 ,  E-mail: edu_Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

                                   Орал қаласының білім беру бөлімінің конкурстық комиссиясы

Пайдалы ақпараттық ресурстар