06 Қаз 2020
Хабарландыру

Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымның атауы: Орал қаласының білім беру бөлімі мектепке дейінгі, қосымша білім беру мен тәрбие жұмысы секторының бас маманы

Жалпы конкурс. «Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Батыс Қазақстан облысы.

Құжаттарды қабылдауды бастау уақыты: 2020-10-07

Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты: 2020-10-15

Әңгімелесуді өткізу уақыты: 2020-10-19

Лауазым санаты: E-R-4

Лауазымдық жалақының жоғары шегі: 141718 теңге

Спецификаторға сәйкес мамандығы: Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)

Қосымша талаптар:«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес.

Лауазымдық міндеттері:

  • Мектепішілік және кәмелетке толмағандардың ісі бойынша бөлімде есепте тұрған балалар дерегін жасақтау, бақылауда ұстау, рейдтер мен бақылаулар;
  • Діни экстремизмге қарсы күрес жұмысы;
  • Ата-анасы дін жолындағы балалардың дерегін жасақтау, бақылауда ұстау;
  • Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қалалық шаралар жоспарын жасақтау, өткізу;
  • Мектеп жасындағы балаларға жолда жүру ережесін үйрету және бағдарламалардың орындалуын бақылау;
  • Мектептен тыс жұмыстарды  ұйымдастыру және  бұқаралық шаралар;
  • Қалалық тәрбиелік шараларды ( әкелер клубы, форум т.б.) өткізу;
  • Әлеуметтік жобаларды мектеп тәжірибесіне енгізуді бақылау, талдау, насихаттау;
  • Мектептегі клубтардың жұмысын үйлестіру;
  • Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының мәжілістерін ұйымдастыру, хатшы;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы;
  • Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы ;
  • ҰБДҚ-ның жүргізілу жұмысы  ;
  • Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын - алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау;
  • Білім беру мәселелері бойынша білім ұйымдары мен азаматтардың шағымдарын, хаттарын және өтініштерін қарау.

Құжаттарды тапсыру үшін Email немесе мекен жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 145, 2 қабат

Әңгімелесу өткізілетін орын: Орал қ., Н. Назарбаев даңғылы, 145 , 2 қабат

Анықтама үшін байланыс номері: 8 (7112) 50-39-28

Пайдалы ақпараттық ресурстар