Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымның атауы: Орал қаласының білім беру бөлімі мектеп секторының бас маманы.
Жалпы конкурс. «Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Батыс Қазақстан облысы.
Құжаттарды қабылдауды бастау уақыты: 2020-09-10
Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты: 2020-09-18
Әңгімелесуді өткізу уақыты: 2020-09-22
Лауазым санаты: E-R-4
Лауазымдық жалақының жоғары шегі: 141718
Спецификаторға сәйкес мамандығы: Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы) немесе Құқық
Қосымша талаптар: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
- Мемлекеттік қызметшілерді және білім ұйымдарының басшыларын жалпыға міндетті құқықтық оқуды ұйымдастыру;
- Білім ұйымдарын тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарын жүргізу және басшылық ету;
- Білім беру ұйымдарының лицензияларының уақытылы алуын қадағалау ;
- Білім мекемелерінің құрылтайшы құжаттары мен жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуде заңнамалық тұрғыдан негіздеме жасай отырып, жүзеге асыруды үйлестіру;
- Бөлімде және бағынысты білім ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын бақылау;
- Білім беру бөлімінде мемлекеттік сатып алудағы құжаттардың заңға сәйкестігін бақылау , комиссия мүшесі;
- Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс;
- Оқушыларды тасымалдау мәселесіне қатысты құқықтық актілерді жасақтау, бақылау;
- Білім бөлімі мен қарасты мекемелерде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының орындалуын бақылау;
- Білім бөліміне қатысты шығарылатын қала әкімі қаулыларының жобаларын дайындау және орындалуын қадағалау;
- Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес қызметшілерді конкурстық негізде іріктеудің заңдылығын бақылау;
- Бөлімнің және оның бағынысты ұйымдарының жеке құрамын аттестаттау бойынша іс-шараларға қатысу;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық және аймақтық бағдарламаларды іске асыру жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
- Мемлекеттік қызметшілердің біліктілік талаптарының жинағын жасақтау, тиісінше өзгертулер мен толықтырулар енгізуді үйлестіру;
- Тәртіптік комиссия жұмысын үйлестіру , комиссия хатшысы;
- ҚР Еңбек кодексінің , «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның орындалуы;
- Бөлімдегі мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын бақылау және ай сайынғы есепті жүргізу және тапсыру;
- Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы ;
- ҰБДҚ-ның жүргізілу жұмысы;
- Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау;
- Білім беру мәселелері бойынша білім ұйымдары мен азаматтардың шағымдарын, хаттарын және өтініштерін қарау.
Құжаттарды тапсыру үшін Email немесе мекен жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Орал қ., Н. Назарбаев даң. 145, 2 қабат
Әңгімелесу өткізілетін орын: Орал қ., Н. Назарбаев даң. 145 , 2 қабат
Анықтама үшін байланыс номері: 8 (7112) 50-39-28
Жұмыс тәжірибесі: Талап етілмейді