Өтебаев Абай Шәріпбекұлы

Өтебаев Абай Шәріпбекұлы 1978 жылы 24 қыркүйекте Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында туған.
Білімі мен біліктілігі
2002 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
2021 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институтының тарих мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесі берілген.
Еңбек өтілі
2002-2003 ж.ж. Созақ ауданы, А.Гайдар атындағы жалпы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі,
2003-2009 ж.ж. Созақ ауданы, М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі,
2009-2012 ж.ж. Созақ ауданы, М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінде әлеуметтік педагог,
2012-2017 ж.ж. Созақ ауданы, М.Маметова атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
2017-2019 ж.ж. Созақ ауданы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің директоры,
2019-2022 ж.ж. Созақ ауданы, М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінің директоры,
2022-2024 ж.ж. Созақ ауданы, Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп-интернат-лицейдің директоры,
2024 жылдан бастап Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы
